ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ

 

1.   ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Берілген құжат «COMRUN» ЖНС СН180140005198) (бұдан арыКомпания, біз) дербес деректерді жинау және өңдеуге қатысты саясатын анықтайды және Компанияда осындай ақпаратты өңдеуге қатысты негізгі қағидаларды баяндайды. Саясат сондай-ақ субъектілердің дербес деректерін және пайдаланушылардың өзге де ақпаратын Компания қалай өңдейтінін және қорғайтынын түсіндіреді.

Саясат Компания мен кез келген жеке тұлға деректерді бекіту және табыстау қызметі бар «reKassa» 3.0 нұсқа бақылауассалық машинасы» (бұдан ары – «reKassa 3.0») бақылау-кассалық машинасының аппараттық-бағдарламалық кешенін және Компания сайттарын пайдаланушылары (бұдан арыПайдаланушы, Сіз) арасындағы Пайдаланушы ұсынған дербес деректерді жинау және өңдеу бойынша қарым-қатынасын реттейді.

Саясат Компания ішінде жүзеге асырылатын Дербес деректерді жинау және өңдеу бойынша барлық операцияларға, сонымен қатар Компания және/немесе оның үлестес немесе Компания атынан әрекет ететін өзге уәкілетті тұлғалары Пайдаланушы Компанияның кез келген Өнімін пайдаланған кезде оған қатысты алуы мүмкін барлық ақпаратқа қолданылады.

Саясат Компаниядағы пайдаланушылардың дербес деректерін алуға рұқсат етілген барлық тұлғалар және Компаниядағы пайдаланушылардың дербес деректерін жинау, өңдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үрдістерін ұйымдастыруға қатысатын тұлғалар танысуға және орындауға міндетті.

Саясаттың шектеусіз қолжетімді болуы оны Интернет желісінде https://app.rekassa.kz/personal-data-processing-policy.html  адресі бойынша Компанияның сайтында (бұдан арыСайт) жариялау арқылы жүзеге асырылады.

Саясат келесі жағдайларда өзекті етілуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасы өзгерген;
  • дербес деректерді өңдеу және (немесе) қорғау талаптарын орындауды қадағалау нәтижелері бойынша дербес деректерді өңдеуге және (немесе) қорғауға қатысты сәйкессіздіктер анықталған;
  • Компания басшылығының шешімі бойынша.

Өнімдерді пайдалана отырып, Сіз осы Саясат шарттарымен келісетініңізді білдіресіз және Компанияға Сіздің Дербес деректеріңізді және осы Құпиялылық саясатына сәйкес Өнімдерді пайдалануыңыз барысында Компания алатын өзге ақпаратты жинау, жинақтау, сақтау, пайдалану, тарату, үшінші тұлғаларға (Компания серіктестеріне) табыстау, иесіздендіру, оқшаулау және жою құқығын бересіз ё.

Компания Өнімдері https://rekassa.kz адресі бойынша кіруге болатын сайтты, Сіздің немесе Сіздің бақылауыңыздағы құрылғыларға (бұдан ары – «Абоненттік құрылғы») орнатылатын деректерді бекіту және табыстау қызметі бар «reKassa» 3.0 нұсқа бақылауассалық машинасы» бақылау-кассалық машинасының аппараттық-бағдаралмалық кешенін, сондай-ақ reKassa 3.0 сайтының көмегімен біз Сізге ұсынатын қызметтер кешенін қамтиды.

         Өнімдердің дербестендірілген қызметтері толық қол жетімді болу үшін Сізге reKassa 3.0 сайтына тіркеліп, Компанияға өзіңіз туралы толық және анық ақпаратты бере отырып тіркеулік жазбаны құру керек.

 

2.   НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

(1) Дербес деректер (ДД)нақты бір немесе анықталатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама түрде қатысы бап кез келген ақпарат;

(2) Өнімдер Компанияның, оның серіктестерінің қызметтері, бағдарламалары және өнімдері, Сайттар, пайдалану кезінде дербес деректерді ұсыну талап етілуі мүмкін мобильді қосымшалар.

Саясат SMS арқылы ақпарат беру, телефон қоңыраулары, email-жіберу, мессенджерлер, таргеттелген жарнама арқылы басқа бірігулер, жіберілімдер секілді сыртқы сервистерге де қолданылады.

Осы Саясатта жоғарыда анықталмаған өзге де терминдер қолданылуы мүмкін, ал олар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңына (бұдан арыЗаң) сәйкес түсіндірілетін болады.

 

3.        КОМПАНИЯ ЖИНАЙТЫН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН АҚПАРАТ

3.1.       Компания жинайтын және өңдейтін ақпарат Пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын, ұялы телефон нөмірін, электрондық пошта адресін, ЖСН / БСН, ұйымның атын және мекенжайын, ЭҚЖС, сауда орнының аты мен мекенжайын, жасын, сатып алушының артықшылықтарын, сату чектері туралы деректерді және Өнімдер көмегімен алынатын және/немесе берілген Саясатта баяндалған өзге ақпаратты қамтиды. Мұндай ақпаратқа сондай-ақ Пайдаланушылар тіркеулік жазбаны құрған, Компанияның және оның серіктестерінің Өнімдерін қолданған кезде, оның ішінде, алайда олармен шектелмей, Пайдаланушыны ҚДО сервистеріне қосу, reKassa 3.0, коммерциялық банктердің төлеу қосымшаларын пайдалану, reKassa 3.0 біріктірілген әртүрлі онлайн-сервистерге қосу барысында ерікті және саналы түрде ұсынатын деректер жатады.

3.2.       Компания Өнімдердің көмегімен Сізден Дербес деректерді алады, алайда, кейбір жағдайларда, біз осы ақпаратты басқа да тұлғалардан ала аламыз. Компания өзара қарым-қатынастар мақсатын орындау үшін қажетті ақпаратты ғана жинайды. Компания күші бар заңнама жинауға тыйым салатын ақпаратты жинамайды. Сонымен қатар, Компания осындай заңнама тыйым салған әдістермен ақпаратты жинамайды

 

4.    КОМПАНИЯНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУІ

4.1.   Деректерді жинау және өңдеу мақсаты

4.1.1.   Сайтта өтінімді толтырған кезде немесе reKassa 3.0 сервисінде тіркеген кезде Компания Сізден тіркеу нысанын толтыруды және онда Сіздің кейбір Дербес деректеріңізді көрсетуді сұрайды. Компания бұл ақпаратты Сізбен алдағы уақытта хабарласу үшін қолданады

4.1.2.   Компания биометриялық дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырмайды.

4.1.3.   Дербес деректерді жинау мақсаты Сізге өзіңіз сұратқан Компанияның және/немесе оның серіктестерінің өнімдері мен қызметтерін ұсыну болып табылады. Компания Дербес деректерді Компанияның және/немесе оның серіктестерінің өнімдеріне байланысты болмайтын мақсатта қолданбайды. 

4.1.4.   Компания және оның серіктестері өзі және серіктестері ұсынатын өнімдер, қызметтер, арнайы ұсыныстар мен науқандар туралы ақпаратты жіберетін және хабарлайтын болады. Егер Сіз мұндай ақпаратты алғыңыз келмесе, Компанияға электрондық поштамен жазу арқылы бізге хабарлауыңызды сұраймыз.

4.1.5.   Сіз бізге хабарласып, Сіздің Дербес деректеріңізді жинау және өңдеуге берген келісіміңізді қайтарып алсаңыз болады. Дербес деректерді жинау және өңдеу келісіміңізді қайтарып алғаннан кейін, біз Сізге Өнімдерді ұсына алмаймыз.

4.1.6.   Дербес деректерді өңдеу мерзімдері келесілерді ескере отырып анықталды:

(1) Дербес деректерді өңдеудің белгіленген мақсаттарын;

(2) Дербес деректер субъектілерімен келісім-шарттардың әрекет ету мерзімдерін;

(3) Дербес деректерді заңмен белгіленген сақтау мерзімдерін.

4.2.       Компанияда Дербес деректерді өңдеу қағидалары мен шарттары

4.2.1.   Компания Дербес деректерді заңды және әділ негізде өңдейді.

4.2.2.   Дербес деректерді өңдеген кезде олардың анықтылығы, жеткілікті болуы, Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі.

4.2.3.   Компания Дербес деректерді автоматтандыру құралдарын пайдаланып, және оларды пайдаланусыз өңдейді. Бұл ретте Компания Заңмен көзделген және оған сай нормативтік құқықтық актілермен қабылданған дербес деректерді автоматтандырылған және автоматтандырылмаған өңдеуге қойылатын талаптарды орындайды.

4.2.4.   Компания келесі жағдайларды қоспағанда, Дербес деректерді үшінші тұлғаларға жария етпейді және таратпайды:

(1) ДД субъектісі осындай жариялауға өз келісімін алдын ала берген.

(2) Табыстау тарабы немесе пайда алушысы немесе кепілгері Дербес деректер субъектісі болып табылатын шартты орындау үшін, сонымен қатар Дербес деректер субъектісінің бастамасымен шарт немесе өзі пайда алушы не болмаса кепілгер болатын шартты жасау үшін қажет.

(3) Табыстау Пайдаланушыларға қызмет көрсету сервисін жақсарту және/ немесе олардың серіктестердің қызметтерін алуы мақсатында Компания серіктестеріне жүзеге асырылған;

(4) Табыстау Компанияның немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет;

(5) Табыстауға Дербес деректер субъектісі бастама еткен және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес орындалуы тиіс сот төрелігін жүзеге асыру, сот актісін, басқа органның немесе лауазымды тұлғаның актісін орындау үшін қажет;

(6) ҚР күші бар заңнамасымен көзделген басқа жағдайлар.

4.2.5.   Деректерді сақтау серверлері Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан.

4.2.6.   Компания біріктірілген, қосып алынған, активтерін басқа компания сатып алған-сатқан жағдайда Пайдаланушының дербес деректері жаңа компанияға берілетін активтер ішінде болуы мүмкін. Осылай болған жағдайда, бұл туралы Компания Пайдаланушыға электрондық пошта арқылы немесе осындай өзгерістер орын алғанға дейін 30 күн бұрын сайтта хабарламаны орналастыру арқылы хабарлайды.

 

4.3.       Дербес деректер субъектілерінің құқықтары

4.3.1.   Дербес деректер субъектісі келесі құқықтарға ие:

Субъект құқықтары

  Жүзеге асыру әдісі

(1) оның Дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты алу құқығы

Компанияның электрондық адресіне жазбаша сұрату жіберу: help@rekassa.kz

(2) Дербес деректер толық емес, ескірген, анық емес, заңсыз алынған немесе мәлімделген өңдеу мақсаты үшін қажетті болмайтын жағдайда деректерді анықтап алу, оқшаулау немесе жою құқығы

(3) Дербес деректерді өңдеуге бұрын берілген келісімді қайтарып алу құқығы.

«Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді қайтарып алу» белгісімен, Компанияның электрондық адресіне help@rekassa.kz тиісті хабарлама жіберу. Компанияның Дербес деректерді өңдеуді тоқтатуы Өнімдерді ары қарай пайдалану жүзеге асырылмайтындай етуі мүмкін. Компания Дербес деректерді өңдеуді 30 күнге дейінгі мерзімде тоқтатады.

4.3.2.   Компания Саясатының 4.3.1. тармағы (1) және (3) тармақшаларындағы ережелерді орындау үшін Дербес деректер субъектісінің жеке басын растау қажет болуы мүмкін. Ол үшін мұндай растауды заңға қайшы келмейтін кез келген нысанда ұсыну талап етіледі.

 

4.4.       Дербес деректерді өңдеуді тоқтату тәртібі

4.4.1.  Компания Дербес деректерді өңдеуді келесі жағдайларда тоқтатады:

(1) белгіленген мерзімдер өткен кезде;

(2) оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізген не болмаса осы мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігі болмаған жағдайда;

(3) Дербес деректер субъектісінің талап етуі бойынша (толық емес, ескірген, анық емес, заңсыз алынған немесе мәлімделген өңдеу мақсатына қажетті болмаған Дербес деректерге қатысты), егер Дербес деректерді өңдеу заңдылығын қамтамасыз ету мүмкін емес болса. Бұл ретте Дербес деректер заңнамамен белгіленген сақтау мерзімдері шегінде сақталады.

(4) Дербес деректер субъектісі оның Дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алған жағдайда (субъектінің келісімі негізінде өңделетін Дербес деректерге қатысты);

(5) Компания таратылған жағдайда.

 

5.     ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

5.1.       Егер Сізге осы Саясат шарттары толық түсінікті болмаса, Сіз Өнімді пайдаланбастан бұрын қажетті түсініктемелер алу үшін бізге хабарласа аласыз. Өтінім жөнелте отырып, тіркеле және/немесе Өнімді пайдалана отырып, және/немесе осы Саясат шарттарын өзге тәсілмен қабылдай отырып, Сіз берілген Құпиялылық саясаттың барлық ережелері сізге түсінікті екенін және Сізге түсініктемелер қажет емес екенін растайсыз.

5.2.       Берілген Саясатқа және Сервисті қолдануға байланысты туындайтын Компания мен Сіздің қарым-қатынастарыңызға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

5.3.       Саясатты Компания оның жаңа редакциясын Интернет желісінде https://app.rekassa.kz/personal-data-processing-policy.html мекенжайы бойынша орналастыру арқылы бір жақты тәртіпте өзгертуі мүмкін.

5.4.       Компанияның байланыс ақпараты:

«COMRUN» ЖШС

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., С3.5 павильоны, 212 кеңсе

БСН 180140005198

Электрондық пошта: help@rekassa.kz 

Сайт: https://rekassa.kz

 

 

ПОЛИТИКА ОБРАБОТКИ ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ

 

1.      ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Настоящий документ определяет политику ТОО «COMRUN» (БИН180140005198) (далее – Компания, мы) в отношении сбора и обработки персональных данных и излагает основные принципы в отношении обработки такой информации в Компании. Политика также объясняет, каким образом Компания обрабатывает и защищает персональные данные субъектов и иную информацию пользователей.

Политика регулирует отношения между Компанией и любым физическим лицом - пользователями аппаратно-программного комплекса контрольно-кассовой машины с функцией фиксации и передачи данных «Контрольно-кассовая машина «reKassa» версия 3.0» (далее – «reKassa 3.0») и сайтов Компании (далее – Пользователь, Вы) по сбору и обработке персональной данных, предоставленных Пользователем.

Действие Политики распространяется на все операции по сбору и обработке Персональных данных, совершаемые в Компании, а также на всю информацию, которую Компания и/или ее аффилированные или иные уполномоченные лица, действующие от имени Компании, могут получить о Пользователе во время использования им любого из Продуктов Компании.

Политика обязательна для ознакомления и исполнения всеми лицами, допущенными к персональным данным пользователей в Компании, и лицами, участвующими в организации процессов сбора, обработки и обеспечения безопасности персональных данных пользователей в Компании.

Обеспечение неограниченного доступа к Политике реализуется путем ее публикации на сайте Компании в сети Интернет по адресу: https://app.rekassa.kz/personal-data-processing-policy.html (далее – Сайт).

Политика подлежит актуализации в случаях:

  • изменения законодательства Республики Казахстан о персональных данных;
  • выявления несоответствий, затрагивающих обработку и (или) защиту персональных данных, по результатам контроля выполнения требований по обработке и (или) защите персональных данных;
  • по решению руководства Компании.

 

Используя Продукты, Вы выражаете свое согласие с условиями данной Политики и предоставляете Компании право собирать, накапливать, хранить, использовать, распространять, передавать третьим лицам (партнерам Компании), обезличивать, блокировать и уничтожать Ваши Персональные данные и иную информацию, которую Компания получает в процессе использовании Вами Продуктов в соответствии с настоящей Политикой конфиденциальности.

Продукты Компании включают в себя сайт, доступный по адресу https://rekassa.kz, аппаратно-программный комплекс контрольно-кассовой машины с функцией фиксации и передачи данных «Контрольно-кассовая машина «reKassa» версия 3.0», устанавливаемый на Ваших или контролируемых Вами устройствах (далее – «Абонентское устройство»), а также комплекс услуг, которые мы предоставляем Вам с помощью Сайта иreKassa 3.0.

         Для получения полноценного доступа к персонализированным функциям Продуктов Вам необходимо зарегистрироваться в reKassa 3.0 - создать учетную запись, предоставив Компании полную и достоверную информацию о себе.

 

2.      ОСНОВНЫЕ ТЕРМИНЫ

(1) Персональные данные (ПД) – любая информация, относящаяся прямо или косвенно к определенному или определяемому физическому лицу (субъекту персональных данных);

(2) Продукты - сервисы, программы и продукты Компании, ее партнеров, Сайты, мобильные приложения, при использовании которых может понадобиться предоставление персональных данных.

Политика распространяет свое действие также на сторонние сервисы, такие как информирование посредством SMS, телефонные звонки, email-рассылки, другие интеграции, рассылки посредством мессенджеров, таргетированной рекламы.

В настоящей Политике могут быть использованы иные термины, выше не определенные, толкование которых будет производиться в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 94-V «О персональных данных и их защите» (далее – Закон).

 

3.    ИНФОРМАЦИЯ, КОТОРУЮ КОМПАНИЯ СОБИРАЕТ И ОБРАБАТЫВАЕТ

3.1.      Информация, которую Компания собирает и обрабатывает, включает в себя: фамилия, имя, отчество, номер мобильного телефона, адрес электронной почты, ИИН / БИН Пользователя, наименование и адрес организации, ОКЭД, наименование и адрес торговой точки, возраст, покупательские предпочтения, данные о чеках продажах и другую информацию, получаемую с помощью Продуктов и/или изложенную в данной Политике. К такой информации также относятся данные, добровольно и сознательно предоставляемые Пользователями во время создания учетной записи, использования Продуктов Компании и ее партнеров, в том числе, но не ограничиваясь, в процессе подключения Пользователя к сервисам ОФД, использования reKassa 3.0, платежных приложений коммерческих банков, различным онлайн-сервисам, интегрированных с reKassa 3.0.

3.2.      Компания получает Персональные данные от Вас с помощью Продуктов, однако, в некоторых случаях, мы можем получить эту информацию и от других лиц. Компания собирает только ту информацию, которая необходима для выполнения целей взаимоотношений. Компания не собирает информацию, которую применимое законодательство запрещает собирать. Также Компания не собирает информацию способами, запрещенными таким законодательством. 

 

4. ОБРАБОТКА ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ КОМПАНИЕЙ

4.1.      Цель сбора и обработки данных

4.1.1.   При заполнении заявки на Сайте или регистрации в сервисе reKassa 3.0 Компания просит Вас заполнить регистрационную форму и указать в ней некоторые Ваши Персональные данные. Компания использует эту информацию для дальнейшей связи с Вами. 

4.1.2.   Компания не осуществляет обработку биометрических персональных данных.

4.1.3.   Целью сбора Персональных данных является предоставление Вам продуктов и услуг Компании и/или ее партнеров, которые Вы запросили. Компания не будет использовать Персональные данные в целях, которые не связаны с Продуктами Компании и/или ее партнеров. 

4.1.4.   Компания и ее партнеры будет направлять и сообщать Вам информацию о продуктах, услугах, специальных предложениях и акциях, предоставляемых Компанией и ее партнерами. Если Вы не хотите получать такую информацию, пожалуйста, сообщите нам об этом, связавшись с Компанией по электронной почте.

4.1.5.   Вы можете, обратившись к нам, отозвать свое согласие на сбор и обработку Ваших Персональных данных. После отзыва Вами согласия на сбор и обработку Персональных данных, мы не сможем предоставлять Вам Продукты.

4.1.6.   Сроки обработки Персональных данных определены с учетом:

(1) установленных целей обработки Персональных данных;

(2) сроков действия договоров с субъектами Персональных данных;

(3) законодательно установленных сроков хранения Персональных данных.

 

4.2.      Принципы и условия обработки Персональных данных в Компании

4.2.1.   Компания осуществляет обработку Персональных данных на законной и справедливой основе.

4.2.2.   При обработке Персональных данных обеспечиваются их точность, достаточность, актуальность по отношению к целям обработки Персональных данных.

4.2.3.   Компания осуществляет обработку Персональных данных с использованием средств автоматизации и без их использования. При этом Компания выполняет требования к автоматизированной и неавтоматизированной обработке персональных данных, предусмотренные Законом и принятыми в соответствии с ним нормативными правовыми актами.

4.2.4.   Компания не раскрывает третьим лицам и не распространяет Персональные данные, за исключением следующих случаев:

(1) Субъект ПД заблаговременно выразил свое согласие на такое раскрытие.

(2) Передача необходима для исполнения договора, стороной которого либо выгодоприобретателем или поручителем, по которому является субъект Персональных данных, а также для заключения договора по инициативе субъекта Персональных данных или договора, по которому он будет являться выгодоприобретателем или поручителем.

(3) Передача осуществляется партнерам Компании в целях улучшения сервиса предоставления услуг Пользователям и/или получения ими услуг партнеров;

(4) Передача необходима для защиты прав и законных интересов Компании или третьих лиц;

(5) Передача инициирована субъектом Персональных данных и необходима для осуществления правосудия, исполнения судебного акта, акта другого органа или должностного лица, подлежащих исполнению в соответствии с законодательством РК об исполнительном производстве;

(6) иных предусмотренных действующим законодательством РК случаях.

4.2.5.   Сервера для хранения данных находятся на территории Республики Казахстан.

4.2.6.   В случае слияний, поглощений, купли-продажи активов Компании другой компанией, персональные данные Пользователя, вероятно, будут находиться в числе передаваемых новой компании активов. Если это случится, Компания уведомит Пользователя об этом по электронной почте или разместив такое уведомление на сайте за 30 дней до того, как такие изменения произойдут.

 

4.3.       Права субъектов Персональных данных

4.3.1.   Субъект Персональных данных обладает следующими правами:

Право субъекта

  Способ реализации

(1) Право получения информации, касающейся обработки его Персональных данных

направить письменный запрос на электронный адрес Компании: help@rekassa.kz

(2) Право на уточнение, блокировку или уничтожение данных, в случае если Персональные данные являются неполными, устаревшими, неточными, незаконно полученными или не являются необходимыми для заявленной цели обработки

(3) Право отозвать предоставленное ранее согласие на обработку Персональных данных.

направить соответствующее уведомление на электронный адрес Компании help@rekassa.kz с пометкой «Отзыв согласия на обработку персональных данных». Прекращение Обработки Персональных данных Компанией может сделать невозможным дальнейшее использование Продуктов. Компания прекращает Обработку Персональных данных в срок до 30 дней.

4.3.2.   Для исполнения положений в подпунктах (1) и (3) пункта 4.3.1. Политики Компании может потребоваться подтвердить личность субъекта Персональных данных, затребовав предоставления такого подтверждения в любой непротиворечащей закону форме.

 

4.4.       Порядок прекращения обработки Персональных данных

4.4.1.   Компания прекращает обработку Персональных данных:

(1) по истечении установленных сроков;

(2) по достижении целей их обработки либо в случае утраты необходимости в достижении этих целей;

(3) по требованию субъекта Персональных данных (в отношении Персональных данных, которые являются неполными, устаревшими, неточными, незаконно полученными или не являются необходимыми для заявленной цели обработки), если обеспечить правомерность обработки Персональных данных невозможно. При этом хранение Персональных данных осуществляется в пределах законодательно установленных сроков хранения.

(4) в случае отзыва субъектом Персональных данных согласия на обработку его Персональных данных (в отношении Персональных данных, обрабатываемых на основании согласия субъекта);

(5) в случае ликвидации Компании.

 

5. ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ

5.1.      Если Вам не полностью понятны условия данной Политики, Вы можете, до использования Вами Продуктов, обратится к нам для получения необходимых Вам разъяснений. Направляя заявку, регистрируясь и/или используя Продукты и/или принимая условия данной Политики иным способом, Вы подтверждаете, что Вам понятны все положения настоящей Политики конфиденциальности и Вам не требуются пояснения.

5.2.      К данной Политике и отношениям между Компанией и Вами, возникающим в связи с использованием Сервиса, применяется законодательство Республики Казахстан.

5.3.      Политика может быть изменена Компанией в одностороннем порядке путем размещения ее новой редакции в сети Интернет по адресу: https://app.rekassa.kz/personal-data-processing-policy.html.

5.4.      Контактная информация Компании:

ТОО «COMRUN»

Адрес: г. Астана, прт. Мәңгілік ел, павильон С3.5, офис 212

БИН 180140005198

Электронная почта: help@rekassa.kz 

Сайт: https://rekassa.kz